Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
7.2 C
Kokshetau
8 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарҚазақстанЕлорда прокурорлары 3 мыңға жуық азаматтардың құқықтарын қалпына келтірді

Елорда прокурорлары 3 мыңға жуық азаматтардың құқықтарын қалпына келтірді

Сарыарқа ауданының прокуратурасы қалалық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүру ақысын төлеуден босату түріндегі азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің сақталуына талдау жүргізді.

Ағымдағы жылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға елорданың автобустарында тегін жүруге электронды жеке карточкалар берілмегені анықталды.

Оған себеп, уәкілетті орган электрондық карталарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын қайта өткізбеген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2 900 астам астаналықтардың құқықтары қалпына келтірілді, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың барлық санаттарына қоғамдық көлікте жеңілдетілген жол жүру құқығымен дербестендірілген карточкалар беріліп, кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының прокуратурасы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...

Мешіттегі намазда ер адам «Әмин» деп айтқаны үшін соққыға жығылды

Шымкентте мешіттердің бірінде бір топ азамат имамның ескертуіне қарамастан жамағат намазын бұзған. Олар өзге өңірден келген, деп хабарлайды Kazinform. Оқиға 12 мамырда кешкі ақшам намазы...

Мәдениет және өнер қайраткерлерінің аллеясына ағаш отырғызылды

Көкшетауда мәдениет ұйымдарының қызметкерлері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясына өз үлестерін қосып, 20 алма ағашын отырғызды. Шараға Көкшетаудағы екі театр, филармония, “Көкшетау” мәдениет үйі, облыстық...

МҚІА Ақмола облысы бойынша департаменті облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметін қорытындылады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2023 жылдың және 2024 жылдың 1 тоқсанының...

Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасына басшы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Джанет Қанатұлы Микишев Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Джанет Қанатұлы, 1987 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданында туған, білімі жоғары, Сәтбаев...