Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыОқу жылын ұзартудың нәтижелілігіне мониторинг жүргізіліп жатыр

Оқу жылын ұзартудың нәтижелілігіне мониторинг жүргізіліп жатыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Елімізде оқу жылын ұзартудың нәтижелілігі мен тиімділігіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы Ұлттық білім академиясы жанындағы ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен орта білім беру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы оқу жылының оңтайлы ұзақтығы бойынша халықаралық тәжірибеге талдау жүргізді. Жалпы оқу жылын ұзарту жөніндегі шешім Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкестендіру үшін қабылданды. ЭЫДҰ елдерінің әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, көптеген елдердің мектептерінде оқу жылының ұзақтығы 36 аптадан (Финляндияда – 38, Сингапурда – 39, Түркияда – 39, Польшада – 39, Оңтүстік Корея мен Қытайда – 42, Швейцарияда – 43, Германияда 44, Данияда – 45 апта) асады. Қазіргі уақытта Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы оқу жылының ұзақтығын ұлғайтудың нәтижелілігі мен тиімділігіне мониторинг жүргізуде», — делінген Тамара Дүйсенованың жауабында.

Атап өтілгендей, мониторинг барысында білім алушылардың, ата-аналардың, педагогтердің пікірлері зерделенеді. Оның нәтижелері Ұлттық білім академиясындағы сараптамалық кеңестің талқылауына ұсынылатын болады. Сараптамалық кеңестің құрамына қоғамдық бірлестіктердің, ата-аналар комитеттерінің, республикалық жекеменшік мектептер қауымдастығының, мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволардың өкілдері кіреді және олардың тізімі академияның сайтында жарияланған.

«Сараптамалық комиссия мүшелерінің пікірінше, 36 аптадағы оқу жылының тиімділігін толық талдау үшін осы ұзақтықтағы оқу жылын ұйымдастырудың кемінде екі-үш жылы қажет. Қазіргі кезде Ұлттық білім академиясы оқу жылын ұлғайтудың нәтижелілігі мен тиімділігіне мониторинг жүргізуде және нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады», — деді министр.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...