Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыОқу жылын ұзартудың нәтижелілігіне мониторинг жүргізіліп жатыр

Оқу жылын ұзартудың нәтижелілігіне мониторинг жүргізіліп жатыр

Елімізде оқу жылын ұзартудың нәтижелілігі мен тиімділігіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы Ұлттық білім академиясы жанындағы ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен орта білім беру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы оқу жылының оңтайлы ұзақтығы бойынша халықаралық тәжірибеге талдау жүргізді. Жалпы оқу жылын ұзарту жөніндегі шешім Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкестендіру үшін қабылданды. ЭЫДҰ елдерінің әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, көптеген елдердің мектептерінде оқу жылының ұзақтығы 36 аптадан (Финляндияда – 38, Сингапурда – 39, Түркияда – 39, Польшада – 39, Оңтүстік Корея мен Қытайда – 42, Швейцарияда – 43, Германияда 44, Данияда – 45 апта) асады. Қазіргі уақытта Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы оқу жылының ұзақтығын ұлғайтудың нәтижелілігі мен тиімділігіне мониторинг жүргізуде», – делінген Тамара Дүйсенованың жауабында.

Атап өтілгендей, мониторинг барысында білім алушылардың, ата-аналардың, педагогтердің пікірлері зерделенеді. Оның нәтижелері Ұлттық білім академиясындағы сараптамалық кеңестің талқылауына ұсынылатын болады. Сараптамалық кеңестің құрамына қоғамдық бірлестіктердің, ата-аналар комитеттерінің, республикалық жекеменшік мектептер қауымдастығының, мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволардың өкілдері кіреді және олардың тізімі академияның сайтында жарияланған.

«Сараптамалық комиссия мүшелерінің пікірінше, 36 аптадағы оқу жылының тиімділігін толық талдау үшін осы ұзақтықтағы оқу жылын ұйымдастырудың кемінде екі-үш жылы қажет. Қазіргі кезде Ұлттық білім академиясы оқу жылын ұлғайтудың нәтижелілігі мен тиімділігіне мониторинг жүргізуде және нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады», – деді министр.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...