Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau
18 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауМарат Ахметжанов Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясында болды

Марат Ахметжанов Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясында болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов №1 мектеп-гимназияға жеке өзі барып, оқушылардың кептелісі болған жағдайды талдап, педагогикалық ұжыммен кездесті.

Оқу орнын аралау барысында Марат Ахметжанов қауіпсіздік жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және аумақтың айналасында жол белгілерінің болмауы туралы ескерту жасады.

«Мен басқа кіреберістен кедергісіз кірдім, дабыл түймесі жұмыс істемейді, жаяу жүргіншілер жолы байқалмайды. Мемлекет басшысы бірінші кезекте балалардың тиісті жағдайлары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударады. Қала әкімі мен білім басқармасына барлық мемлекеттік және жеке мектептерді тексеруді тапсырамын», – деді өңір басшысы.

Білім басқармасының мәліметінше, бұл факт 2023 жылғы 7 қыркүйекте сағат 19.30-да оқу сабақтары аяқталғаннан кейін, мектеп дәлізіне барлық сыныптар бір уақытта оқу кабинеттерінен шыққан кезде орын алған.

Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі оқушылардың үзіліске шығу және сабақтан шығу кестесін реттеді. Мектеп директоры, тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясында барлығы 2866 оқушы оқиды. Мектептің жобалық қуаты-1440 орын. 2021 жылы мектепте бастауыш сыныптарға арналған 600 орындық қосымша оқу корпусы енгізілді. Мектепте екі ауысымдық оқыту бар.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...