Көкшетауда Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының XXVII театр маусымының ашылуы аясында алғаш рет қойылым костюмдерінің дефилесі өтті. Көрсетілім қатысушылары «Ақан сері – Ақтоты», «Калигула», «Турандот», «Күлше қыз», «Мүйізтұмсық», «Еріккендер ерлігі», «Алиса айналар әлемінде», «Отелло», «Құлыншақ пен бөлтірік», «Қып қызыл ақша», «Отбасылық құпия», «Жын ойнақ», «Келіндер көтерілісі» және басқа да қойылымдарының костюмдерін ұсынды».
Көрсетілім аясында қажырлы еңбек етіп «Адал азамат» ұғымын бейнелейтін еңбек адамдары — тігін, машина, реквизит цехтарының мамандары, сахна техниктері, жарық бойынша мамандар, гримерлер, костюмерлер, бутафорлар Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.