Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңЦелиноград ауданының прокуратурасы 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғады

Целиноград ауданының прокуратурасы 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғады

Қадағалау органы Целиноград ауданы Қаражар және Жаңажол ауылдарында кентішілік жолдарды салу кезінде өрескел бұзушылықтар анықтады.

Мердігер ұйым үш жыл бойы асфальт төсеу технологиясын сақтамау, техникалық сүйемелдеусіз жұмыс жүргізу, құрылыс кезінде жарамсыз топырақты пайдалану арқылы көрсетілген шарттар бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған.

Сонымен қатар, жұмыстар жобадан анық ауытқумен жүзеге асырылды.

Аталған бұзушылықтар уәкілетті мемлекеттік органның тексеруімен расталды.

Аудан прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша мердігермен жасалған екі шарт бұзылып, мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызы сотқа жолданды (қарауда).

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары тоқтатылды, аудан әкімдігі жаңа конкурс жариялау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Осылайша, осы объектілерді 3 млрд теңгеден астам сомаға негізсіз қаржыландыруға жол берілмеді.

Құрылыстың іске асырылу барысына тиісті бақылаудың жоқтығы үшін жауапты кінәлі тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Ақмола облысының прокуратурасы.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...