Понедельник, 23 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерЕрейментауОң өзгерістер күтеміз

Оң өзгерістер күтеміз

Сондай-ақ, оқыңыз...

Дәл қазіргі уақытта еліміз үлкен саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өзгерістердің алдында тұр. Халық та бұл өзгерістерден көп үміт күтуде. Мемлекеттің тұғырын бекіту бағытында Президентіміз ұсынып отырған — аймақтардың дамуы, замануи технологияны меңгеру, ұлт сауаттылығы, аграрлық сектордың алға басуы және тағы басқа ірі жобалар бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуына қол жеткізу», — деп атап көрсеткен болатын.

Міне, бүгінде ел экономикасы және барлық әлеуметтік күш-қуат осыған бағытталған. Ал, ел экономикасы әр аймақтың, әр өңірдің дамуынан құралатыны белгілі. Егер өзіміздің Ерейментау ауданын алатын болсақ, бүгінде әр салада алға басуды анық байқап отырмыз. Әсіресе, ауылдық жерлердегі өзгерістер атап айтар едік. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша мәдениет ошақтары мен мектеп ғимараттарының қайтадан күрделі жөндеуден өтуі, жолдар тәртіпке келтіріліп, ауыз суы құбырының тартылуы, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі — ауыл тұрғындарының болашаққа деген үмітін өсіруде.

Президентіміз ұсынып отырған жобаның бір тармағы: «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі», — дейді. Иә, береке мен бірлік, бейбіт аспан қашанда қоғамдағы татулық пен ынтымақ арқылы келеді. Көптеген ұлттар мекендеген біздің аймақта дәстүрлі діндерді құрметтеу, кез келген ұлттың тілі мен мәдениетіне қолдау көрсету және сол арқылы өзіміздің ұлттық тіліміз бен мәдениетімізді дамыта білу – бүгінгі қоғамның басты мақсаты деп білем.

Бұл үшін Қазақстанда тұратын әрбір азамат, әрбір тұрғын саналы және саяси сауатты болуы керек. Сонда ғана біздер мақсатты биіктерге жете аламыз. Бүгінде әрбір қазақстандық Президентіміз ұсынып отырған жобаларды бір кісідей қолдап, оның іске асуына барынша еңбектеніп, үлес қоса білсе, бұл ел дамуының бірден-бір себебі болар еді.

Алдияр Алдасүгіров, Ерейментау  аудандық мәслихатының депутаты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...