Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau
17 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЕрейментауОң өзгерістер күтеміз

Оң өзгерістер күтеміз

Дәл қазіргі уақытта еліміз үлкен саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өзгерістердің алдында тұр. Халық та бұл өзгерістерден көп үміт күтуде. Мемлекеттің тұғырын бекіту бағытында Президентіміз ұсынып отырған – аймақтардың дамуы, замануи технологияны меңгеру, ұлт сауаттылығы, аграрлық сектордың алға басуы және тағы басқа ірі жобалар бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуына қол жеткізу», – деп атап көрсеткен болатын.

Міне, бүгінде ел экономикасы және барлық әлеуметтік күш-қуат осыған бағытталған. Ал, ел экономикасы әр аймақтың, әр өңірдің дамуынан құралатыны белгілі. Егер өзіміздің Ерейментау ауданын алатын болсақ, бүгінде әр салада алға басуды анық байқап отырмыз. Әсіресе, ауылдық жерлердегі өзгерістер атап айтар едік. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша мәдениет ошақтары мен мектеп ғимараттарының қайтадан күрделі жөндеуден өтуі, жолдар тәртіпке келтіріліп, ауыз суы құбырының тартылуы, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі – ауыл тұрғындарының болашаққа деген үмітін өсіруде.

Президентіміз ұсынып отырған жобаның бір тармағы: «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі», – дейді. Иә, береке мен бірлік, бейбіт аспан қашанда қоғамдағы татулық пен ынтымақ арқылы келеді. Көптеген ұлттар мекендеген біздің аймақта дәстүрлі діндерді құрметтеу, кез келген ұлттың тілі мен мәдениетіне қолдау көрсету және сол арқылы өзіміздің ұлттық тіліміз бен мәдениетімізді дамыта білу – бүгінгі қоғамның басты мақсаты деп білем.

Бұл үшін Қазақстанда тұратын әрбір азамат, әрбір тұрғын саналы және саяси сауатты болуы керек. Сонда ғана біздер мақсатты биіктерге жете аламыз. Бүгінде әрбір қазақстандық Президентіміз ұсынып отырған жобаларды бір кісідей қолдап, оның іске асуына барынша еңбектеніп, үлес қоса білсе, бұл ел дамуының бірден-бір себебі болар еді.

Алдияр Алдасүгіров, Ерейментау  аудандық мәслихатының депутаты.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...