Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыРесейдің қатысуымен Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады

Ресейдің қатысуымен Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ресей тарапының қатысуымен Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады. Бұл туралы Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Екіжақты қарым-қатынасты одан ары дамыту бағыттарын талқылау мақсатында осы жылдың 31 қазанында үкіметаралық комиссия отырысын өткіздік. Бірқатар мәселе қарастырылды. Мәселен, Ресейден ағаш материалдарын жеткізу. Жылдың соңына дейін елімізге кесілген ағаштарды жеткізу үшін Қазақстан-Ресей шекарасында қосымша темір жол өткізу пункттерін ашу мәмелесі пысықталады», — деді ол.

Сонымен қатар, вице-премьер Қазақстанның темір кені шикізатының ай сайын тасымалдануын қамтамасыз ету мүмкіндігі де қарастырылатындығын айтты.

«Ресей тарапы Қазақстанда 3 жыл электр орталығы жобасын жүзеге асыруға қатысады. Тиісті құжатқа бүгін қол қоямыз. Елдер арасындағы әуе байланысын да кеңейтеміз. Атап айтқанда, Новосібір мен Челябіге QAZAQ AIR әуе рейстерінің санын арттыруды келісеміз», — деді Серік Жұманғарин.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...