Жексенбі, Мамыр 19, 2024
12.8 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыРесейдің қатысуымен Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады

Ресейдің қатысуымен Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады

Ресей тарапының қатысуымен Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады. Бұл туралы Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Екіжақты қарым-қатынасты одан ары дамыту бағыттарын талқылау мақсатында осы жылдың 31 қазанында үкіметаралық комиссия отырысын өткіздік. Бірқатар мәселе қарастырылды. Мәселен, Ресейден ағаш материалдарын жеткізу. Жылдың соңына дейін елімізге кесілген ағаштарды жеткізу үшін Қазақстан-Ресей шекарасында қосымша темір жол өткізу пункттерін ашу мәмелесі пысықталады», – деді ол.

Сонымен қатар, вице-премьер Қазақстанның темір кені шикізатының ай сайын тасымалдануын қамтамасыз ету мүмкіндігі де қарастырылатындығын айтты.

«Ресей тарапы Қазақстанда 3 жыл электр орталығы жобасын жүзеге асыруға қатысады. Тиісті құжатқа бүгін қол қоямыз. Елдер арасындағы әуе байланысын да кеңейтеміз. Атап айтқанда, Новосібір мен Челябіге QAZAQ AIR әуе рейстерінің санын арттыруды келісеміз», – деді Серік Жұманғарин.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...