Ақмола облысында республикалық маңызы бар 8 автожол және облыстық маңызы бар 15 автожол жабылды. ТЖД қызметкерлері 75 адам эвакуациялап, 4 жылыту пунктіне орналастырды.
Осы ретте, Ақмола облысы ТЖД өызметкерлері қолайсыз ауа-райына байланысты елді мекендерден алыс кетпеуді сұрайды.
Автожолдардың жабылуы немесе ашылуы туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан немесе 14-03 нөмірі бойынша «Қазавтожол» колл-орталығына хабарласып білуге болады.