Жексенбі, Мамыр 19, 2024
12.8 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЗерендіЗерендіде отбасылық құндылықтар тақырыбында ата-аналар форумы өтті

Зерендіде отбасылық құндылықтар тақырыбында ата-аналар форумы өтті

Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықовтың тапсырмасы бойынша “Отбасылық құндылықтар-оқушы жетістігінің кепілі. Отбасы мен отбасылық тәрбиенің рөлі, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады” атты аудандық ата-аналар форумы өтті.

Форумның модераторы Зеренді ауданының әкімі – Әсен Дулатұлы Жақсылықов болды. Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Разия Талғатқызы Курсанова қатысушыларға психоактивті заттарды қолданудың алдын алу және кәмелетке толмағандарды есірткі қылмысына тарту мәселесі бойынша ақпарат берді.

Осы мәселені жалғастыруға диалог алаңында психолог Айгүл Төлегенқызы Әлжанова және “Сенім” әлеуметтік оңалту бөлімшесі орталығының еріктілері қатысты. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жаслан Қылышбекұлы Уәлиев жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелері туралы сөз сөйледі.

Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Динара Шаймерденқызы Кенжеболатова 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жұмысына талдау жасады. Зеренді орталық ауруханасының бас дәрігері Руслан Дүйсенұлы Бутембаев “Жыныстық тәрбие негіздері” тақырыбында баяндады.

Зеренді ауылының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының орынбасары Ботагөз Қадыржанқызы Жолумбаева жасөспірімдер дағдарысы кезінде ата-аналарға ұсыныстар беріліп, “Жасөспірімдердің психологиялық мәселелері” тақырыбында баяндама оқылды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...