Сенбі, Мамыр 11, 2024
12.2 C
Kokshetau
13 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЕсілАқмола облысында мектепті сапасыз жөндеген мердігерге айыппұл салынды

Ақмола облысында мектепті сапасыз жөндеген мердігерге айыппұл салынды

Есіл ауданының прокуратурасы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мектепті тексеру кезінде орындалған жұмыстардың актілеріне заңсыз қол қойылғанын және сол үшін бюджет қаражатынан жалпы сомасы 27 млн теңгеден астам ақы төленгенін анықтады.

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мердігер жасасқан келісім-шарттың талаптарын орындамаған, терезе орнату, мектеп шатырын жабу сияқты бірқатар жұмыстардың көлемі орындалмай қалған. Соның салдарынан мектептің күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмады.

«Прокурорлық ден қою шараларымен мердігер ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамағаны үшін 1 380 000 теңге көлемінде айыппұл салу және лицензиясынан айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен бірге, лауазымды тұлғалар да тәртіптік жауапқа тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде нысанда жөндеу жұмыстары қарқынын жоғалтқан жоқ», – деді ведомстводан.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасына басшы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Джанет Қанатұлы Микишев Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Джанет Қанатұлы, 1987 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданында туған, білімі жоғары, Сәтбаев...

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...