Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауМәдениет және өнер қайраткерлерінің аллеясына ағаш отырғызылды

Мәдениет және өнер қайраткерлерінің аллеясына ағаш отырғызылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда мәдениет ұйымдарының қызметкерлері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясына өз үлестерін қосып, 20 алма ағашын отырғызды.

Шараға Көкшетаудағы екі театр, филармония, “Көкшетау” мәдениет үйі, облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы, кітапханалар, мұражайлар тәзірді барлығы 11 мәдениет мекемесінің қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері, дирижерлер, вокалистер, кітапханашылар, мұражай қызметкерлері бар.

“Ақмола облысының мәдениет мекемелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын қолдады. Жеңіс күніне орайластырылған бұл игі шараның маңызы зор. Енді Көкшетауда мәдениет және өнер қайраткерлерінің өз аллеясы болады. Алдағы уақытта ақындар аллеясын ашу жоспарда бар. Аллеядағы әр бір ағаштың жанына қаладағы мәдениет және өнер қайраткерлерінің есімдері мен ұйымдардың атауы жазылған тақтайша қоямыз, — деді басқарма басшысы Айгүл Сәбитова.

Айтуынша, Жеңіс күніне орай, отырғызылған 20 алма ағашын күтіп, ұстау да ерекше бақылауда болады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...