Суббота, 9 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамКөлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қарқынды

Көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қарқынды

Биыл Ақмола облысында жүздеген шақырым автомобиль жолдары жөнделеді. Қазір Республикалық маңызы бар магистральдардағы жол төсемі қарқынды жаңартылуда. Олардың біршама бөлігі ұзақ уақыт бойы жөндеуді қажет етті. Өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бірнеше жоба бар. Ақмола облысы бойынша қайда, қалай және қандай жолдар жөнделетіні туралы «ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ филиалы хабарлайды.

Республикалық автожолдардың ұлттық операторының облыстық филиалының алдында биыл маңызды міндеттер тұр. Негізгі жобалардың бірі ұзындығы 55 шақырым болатын «Көкшетау-Атбасар» республикалық маңызы бар жол учаскесін орташа жөндеу. Бұрын бұл жол қанағаттанарлықсыз жағдайда болып, халық наразылығын тудырған. Өткен жылы мұнда жаңа асфальт төселе бастады. Бұдан басқа, жобада су тасқыны қаупі бар учаскелерде алты су өткізу құрылысын жайластыру, сондай-ақ Зеренді және Сандықтау ауылдарының маңын жарықтандыру көзделген. Биыл 19-58 шақырымдары учаскесінде «Астана-Қорғалжын» жолын орташа жөндеу жоспарланған. Бұл жол «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне және «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығына апарады.

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалында хабарлағандай, жыл соңына дейін «Екатеринбург-Алматы» 1124 – 1160 шақырымдары, «Жезқазған – Петропавл» 409 – 445 шақырымдарында учаскелерінде жол жабынын орташа жөндеуі бойынша жобаларды іске асырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, «Астана қаласын айналып өту» автожолының 37-52 шақырымдарында жарықтандыру құрылысы аяқталу сатысында тұр.

Сонымен қатар, биыл «Макинск – Ақсу – Торғай» 31-71 шақырымдары, қашықтығы 39 шақырым, «Екатеринбург – Алматы», 1275-1280 шақырымдары, ұзындығы 5 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша жобаларды, сондай – ақ «Астана қаласын айналып өту» автожолының бірнеше учаскелерінде жұмыс басталады. Сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда. Бұл бағдаршам нысандарының, жарықтандырудың, автопавильондерді орнату. Ведомствода атап өткендей, бұл жобаларды іске асыру автомобиль жолдарының өткізу қабілетін жақсартуға және олар бойынша жүруді ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету мемлекеттік органдардың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы...

Ақмола облысында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне 2024 – 2025 оқу жылдарына іріктеу аяқталды

Ақмола облысында мемлекеттік қызметке талантты, сауатты, білімді, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту үшін Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Оның мақсаты жастарға мемлекеттік органдарда...