Суббота, 21 сентября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында Жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп өткізілді

Ақмола облысында Жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп өткізілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының үйлестіруімен ағымдағы жылдың 6-9 тамыз аралығында Ақмола облысында облыстың және Астана қаласының ЖОО-лары мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің жастар ұйымдары көшбасшылары үшін Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өткізді.

Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі факторы ретінде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ілгерілету.

Спикерлер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі өкілдері, сертификатталған жаттықтырушылар мен сарапшылар қатысты.

Үш күн ішінде мектеп тыңдаушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен ұлттық заңнамаға шолу, білім беру саласындағы халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде қоғамдық бақылау қағидаттары таныстырылды.

Жазғы мектеп шеңберінде қатысушылар білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендетуге бағытталған жобаларды дайындады және Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту бойынша өз ұсыныстарын енгізді және ол ұсыныстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысында ескерілетін болады.

Іс-шара соңында жастар көшбасшыларына Жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектепте оқығаны туралы сертификаттар табыс етіліп, үздік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба кубогымен, белсенді қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Рекордтық өнімділік Сандықтау ауданы «Максимовское» ЖШС-де тіркелді

Сандықтау ауданындағы «Максимовское» ЖШС алқаптарында гектарына 57 центнерге дейін астық алынуда. Онда «Алабуга» жұмсақ сұрыпты бидай өсіріледі. Шаруашылықта егінді өсіру, жинау және сақтау үшін барлық...

Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам келді

Биылғы жылдың 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Бурабайға 450 мыңнан астам адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Жазғы туристік маусымды...

«Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауы мәресіне жетті

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысы мәдениет басқармасының Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Ақмола облысының 85 жылдығына, Біржан салдың 190 жылдығына, Балуан...

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген «А» азаматын ұстады. 2024 жылдың қаңтар...

Ақмола облысының Степногорск қаласының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Степногорск қаласының тұрғындарына көшпелі консультативтік-құқықтық көмек ұйымдастырды. Аталған акцияны Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті...