Понедельник, 23 сентября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАнтикор Ақмола облыстың Полиция департаментінде жиналыс өткізді

Антикор Ақмола облыстың Полиция департаментінде жиналыс өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразхан облыстың полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті.

Кеңес барысында ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша қылмыстық істер, сондай-ақ ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде әрбір факт бойынша енгізілген олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдардың орындалуы қаралды.

Департамент басшысы жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді және құқықтық тәртіп органдарына жоғары деңгейдегі сенімді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Кездесу аясында жемқорлыққа қарсы новеллалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларды түсіндірді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын тиімді пайдалану бойынша бірқатар ұсынымдар енгізді.

Кездесу соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Рекордтық өнімділік Сандықтау ауданы «Максимовское» ЖШС-де тіркелді

Сандықтау ауданындағы «Максимовское» ЖШС алқаптарында гектарына 57 центнерге дейін астық алынуда. Онда «Алабуга» жұмсақ сұрыпты бидай өсіріледі. Шаруашылықта егінді өсіру, жинау және сақтау үшін барлық...

Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам келді

Биылғы жылдың 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Бурабайға 450 мыңнан астам адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Жазғы туристік маусымды...

«Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауы мәресіне жетті

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысы мәдениет басқармасының Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Ақмола облысының 85 жылдығына, Біржан салдың 190 жылдығына, Балуан...

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген «А» азаматын ұстады. 2024 жылдың қаңтар...

Ақмола облысының Степногорск қаласының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Степногорск қаласының тұрғындарына көшпелі консультативтік-құқықтық көмек ұйымдастырды. Аталған акцияны Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті...