Біржан сал аудандық пробация қызметі және Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бірлесіп, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай патриоттық іс-шара өткізді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығын, жеттік: Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек»- деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Н.Ә.Назарбаевтың осы сөзімен Біржан сал аудандық пробация қызметімен есепте турған тұлғалармен Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің күніне орай патриоттық іс-шара өткізілді.
Аудандық кітапханада профилатикалық есепте турған тұлғалармен лекция мен экскурсия өткізілді. Іс –шараны қорытындылауда есептегі тұлғалармен тиісті тақырыпқа викторина өткізіліп, құттықау сөздері айтылды.
Ақмола облысы бойынша қылмыстық–атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.