ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Родина ауылында «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездескен соң Родина ауылындағы «Наша Родина» сауда үйінде тұрғындармен экспромт кездесуін жалғастырды. Аталмыш сауда үйінде жергілікті агрофирманың сүт өнімдерімен, халық тұтынатын азық-түлік өнімдері саудаланады.
Павел Николаевич Безвербный дәл осы экспромт кездесу аясында ауыл халқымен жүзбе-жүз кездесіп, сауда үйінде тұтынушылардың толғандыратын көптеген сұрақтарына жауап берді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат П.Н. Безвербный өз кезегінде ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, оларды шешуге дайын екендігін жеткізе келе, әр сайлаушының дауысы маңызды, сайлаушылардың таңдауы — бүкіл елдің болашағын таңдау екендігін ескеріп өтті.
Кандидат «Nur Otan» партиясының еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екенін айтып, тұрғындарды мазалаған мәселелері жөнінде сұрады. Сауда үйінде аяқ астынан жүздескен ауыл тұрғындары да осындай жаңа форматта ұйымдастырылған кездесуге риза болып, өз тараптарынан алғысын білдіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өңірдегі оңды өзгерістермен, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында атқарылар игі бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін осындай азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.
Бұдан бөлек кандидат сауда үйінің қызметкерлері, сатушыларымен әңгімелесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырып, қызметкерлердің әрқайсысының жеке мәселелерін тыңдады. Ондағы мақсаты — тұрғындардың назарына «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіру.
Тұрғындар әсіресе сайлауалды бағдарламаның 7 бағытында қарастырылған міндеттердің басымдылықтарына сенім білдіретіндіктерін жеткізді. Родина ауылдық округі халқы бағдарламада көрсетілген «Жайлы ауданның» өзін осы Родина ауылынан көріп отырғандықтарын да жасырмады. Олай дейтініміз, мұнда еңбек етемін деген жанға қолайлы жағдай жасалған. Ауылдың өзінде мәдениет үйі, полиция бөлімі, жабық хоккей корты, сән салоны, кiтапхана, мәдени және демалу саябағы, сүт зауыты сияқты нысандары, көшелердің барлығында бейнекамералар бар.
Ал өз кезегінде «Агрофирма «Родина» ЖШС» директоры Иван Адамович Сауэр осы ауылдың өркендеп-өсуіне бар күш-жігерін, білімін жұмсады. Бүгінде Родина ауылы өңірдегі үздік елдімекендердің қатарында өзге ауылдарға үлгі. Жұмыссыздық жоқ, әлеуметтік мәселелер шешілген. Барлық мекемелер үздіксіз қызмет көрсетуде. Серіктестік өнімдерін елорда тұрғындары табиғи таза, сапасы жоғары өнім ретінде тұтынып отыр.
Экспромт кездесуде кандидат П.Н. Безвербный әр ауданның әлеуеті мен проблемалық мәселелері сараланған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында халықтың пікірі де кеңінен ескерілгенін айта кетті. Мысалы, аудан тұрғындарының алаңдатқан таза ауыз су, сапалы инфрақұрлым мен тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселелерінің шешу жолдары қарастырылып отыр. Сонымен бірге, ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған нақты шаралар да жоспарланған. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының басты жетістіктері мен алдағы жетістікке жетелейтін жобалары, жүзеге асыруды көздейтін істері жазылған үгіт-насихат парақтары таратылды.
Толайым жетісітіктеге жетелейтін партияның алға қойған міндеті де халықтың әл-ауқатын жақсарту. Партияның сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлерге қолдау таныту шарасы негізгі басымдық ретінде қарастырылған. Бұл үшін партия 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында жобаларды субсидиялауды ұлғайту, төмен пайыздық несиелеу, грант бөлу, бизнес негіздеріне оқыту, базар салу, ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізетін нүктелерді көбейту, құс еті өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыру, жылыжай салу, бордақылау алаңдарын ашу, жергілікті азық-түлік өнімдерін дүкен сөрелерінде орын алуына ықпал етеді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясындағы экспромт кездесу соңында барлық мәселелер басты назарда болатындығын ескеріп, «Сіз біз болып қиындықты еңсере отырып, жеңіске бірге жетейік!»- деді. Ауыл тұрғындары «Nur Otan» партиясына өз дауыстарын беруге ниет білдірді.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.