Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградӘр тұрғынның сауалы ескерулі

Әр тұрғынның сауалы ескерулі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Целиноград ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында «Есіктен есікке» акциясымен үй-үйді аралап, тұрғындармен кездесті.

Еңбек ардагері Щербицкий Ананий Дмитриевич және ауған соғысы ардагері Иутин Николай Дмитриевичпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп берді.

Сонымен қатар акция шеңберінде қоғам қайраткері Ахтанов Канапия Мухамедияұлының, ұстаздар жанұясы Байжуманов Даньяр Маулетұлының шаңырағында, сонымен қатар тыл еңбеккері Ковальчук Вера Митрофановнаның үйлеріне барып, олардың тыныс-тіршіліктерімен танысты.

Кандидат бағдарламада қарастырылған алдағы уақытта ауданды дамытуға арналған жеті бағыт бойынша жұмыс жасайтынын айтып, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

Қысқаша тоқталар болсақ, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға іс-қимыл жасалатыны, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй — коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру жайлы сөз болды.

Түйінді мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатынын, партияның сайлауалды бағдарламасының өңірдегі оңтайлы істердің жобаларымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері маңызды екенін жеткізіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Акция аясында «Nur Otan» партиясының жобаларына да тоқталып, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» т.б. партиялық жобаларының әрі қарай жалғасатындығын, партия халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстайтынын жеткізді.

Өңірдегі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болып тіркелген кандидаттар да партияның сенімі мен үмітін ақтау үшін барынша үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру үстінде. Тұрғындардың басым көпшілігі партияның белсенді мүшелері екенін айтып, партияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...