Бүгінгі күні азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелердің шешімі мен бастамалардың алға жылжытуын күтуде. Аудандық маслихаттың депутаттығына үміткер Ляйла Нурушева, Кирдищева атындағы орта мектебінің еңбек ұжымымен онлайн режимінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында бірінші кезекте аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған, «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасына қойылған негізгі міндеттерімен және бастамаларымен таныстырды.
Куракбаевна Ляйла өз сөзінде:
— Негізгі сәттердің бірі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаттарының жақсаруы, атап айтқанда оның барлық деңгейінде сапалы білімге қол жеттімділігін қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда ауданда мектепке дейінгі 24 мекеме, 27 мектеп, 1 колледж, балаларға арналған музыкалық мектеп және балаларға арналған шығармашылық үйі жұмыс істейді. «Nur Otan» партиясы өз алдына ауданымыздың балаларын мектепке дейінгі тәрбиемен және білім алуымен 70% дан 85% дейін көбейтуін қамтамасыз ету тапсырмасын қояды. Бірте – бірте ауданның барлық мектептерін физика, химия және биология пәндік кабинеттерімен қамтамасыз ету, 1 сынып оқушыларын тегін тамақпен 100% қамту, №1 және №3 Ақкөл орта мектептеріне күрделі жөндеу өткізу. Келесі жылы №4 Ақкөл орта мектебінде спорттық залы бар ғимараттың құрылысын және 100 адамға арналған асхана салу.
— Партия барлығына ашық! Біз Сіздердің конструктивті ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа сенеміз. Біз Сіздерді азаматтық белсенділік танытып, сайлау күні сайлау учаскелеріне келіп және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз! Тек қана қолдауларыңызбен, бірігіп, біздің келешек жас ұрпақ үшін біз бірге лайықты болашақ құра аламыз! – деп, Куракбаевна Ляйла өз сөзін қорытындылады.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Ақкөл ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.