Воскресенье, 22 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградЕңбек ұжымдары әрқашан партияның назарында

Еңбек ұжымдары әрқашан партияның назарында

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қосшы ауылында ұйымдастырылған үгіт-насихат кездесуінен кейін аудан орталығындағы Ақмол ауылында орналасқан «Capital Projects LTD» ЖШС («Шаңырақ» БК») құс фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу болды.

«Nur Otan» партиясы өңірде үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Партия атынан сайланатын кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері аудандағы әр салада еңбек ұжымдарындағы сайлаушыларымен кездесулер ұйымдастыруда. Осы орайда Целиноград ауданына «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшесі, Ақмола облысы көпбейінді аурухананың даму стратегия қызметі жөніндігі басшысы Серік Әкпенұлы Аяғанов үгіт-насихат жұмысы аясында Ақмол ауылында да болды.

Целиноград ауданы орталығы Ақмол ауылындағы аталмыш «Capital Projects LTD» ЖШС-нің басты бағыты құс өсіру, инкубациялау, құстарға арналған қоректі даярлау және құс өнімдерін шығару болып табылады. Құс өнімдерін өндіру және оны өңдеп сатумен айналысатын ұжым ел экономикасына елеулі табыс келтіріп отырған бірегей ұжымдардың бірі деседе болады. Кәсіпорын үй құстарының жұмыртқасы мен етін дайындау және оны нарықта сатумен айналысады. Өңірдегі іргелі Кәсіпорынның жұмысшылармен кездескен Серік Әкпенұлы Аяғанов шаруашылықтың даму көрсеткіштеріне жоғары бағасын берді.

«Capital Projects LTD» ЖШС («Шаңырақ» БК») құс фабрикасы елордадан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл дегеніңіз Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлік белдеуінің құрамдас бір бөлігі болып табылатындығы. Кәсіпорынның бір ауысымында 20-25 тонна құс еті өндіріледі. «Capital Projects Ltd» ЖШС директоры Максим Божко. Бұл жерде Германиядан әкелінген электронды құрылғылар орнатылған. Ақмола облысы бойынша аталған кәсіпорын құс еті мен жұмыртқа өндірісіндегі ірі экспорттаушылардың қатарында.

Үгіт-насихат кездесу кезінде Серік Әкпенұлы Аяғанов еңбек ұжымын «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданның даму болашағы туралы кеңінен баяндап, 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, қолдау көрсетуге шақырды. Сонымен қатар еңбек ұжымдары әрқашан партияның назарында екендігін партияның алға қойған міндеттері халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын айтты. Осы орайда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында барлық саланы қамтамасыз ету міндеттері қойылып отыр. Әлеуметтік салаларға қатысты өзекті мәселелер «Nur Otan» партиясының назарынан да тыс қалмайтынын Серік Әкпенұлы да ерекше атап өтті.

Бағдарламада белгіленген 7 бағыттың жүзеге асырылуы жолында Целиноград аудандық маслихат депутаттығына кандидат, «Шаңырақ» басқару компаниясы» ЖШС-нің стратегиялық және заң мәселесі жөніндегі директоры Индира Сабырқызы Саденова «Nur Otan» партиясы тарапынан атқарылатын жұмыстар сан алуан екендігін ескеріп өтті. Өз кезегінде облыстық маслихат депутаттығына кандидат Сайра Әйтенқызы Матайбаева және аудандық маслихат депутаттығына кандидат Болатбек Мұхтарұлы Ибраев еңбек ұжымының толғандыратын мәселелелерінің шешімі де осы айқындалған сайлауалды бағдарламада белгіленгенін айрықша атап өтті.

«Nur Otan» партиясының өңірлерді дамытуға бағытталған 7 басымдылығына да экономикалық тұрақты аймақ; жайлы аймақ; әлеуметтік бағыттағы аймақ; жастарға аймақ; тарихы мен мәдениеті бай аймақ; ашық және есеп беретін жергілікті органдар; қауіпсіз аймақ бағыттары аясында алдағы жылдары нәтижелі жұмыстар күтіп тұрғанын ескерген Серік Әкпенұлы Аяғанов Целиноград ауданында ұйымдастырылған кездесу соңында еңбек ұжымын бірауыздан 10 қаңтар күні болатын сайлауға қатысуға және де «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Бұдан әрі жоспарға сәйкес Қорғалжын ауданына жол тартты. Бүгінде келелі кездесулермен, іс-шаралар өңірде қызу жүріп жатыр.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлауалды қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...