Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
10.2 C
Kokshetau
9 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЕрейментауӘр адам лайықты өмір сүруге құқылы!

Әр адам лайықты өмір сүруге құқылы!

«Nur Otan» партиясының аудандық мәслихат депутаттығына үміткер – Абжиков Медеу Ерболұлы және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Акимов Бекім Серікұлы сайлауалды науқан жұмыстарын жалғастыруда. Қос үміткер мүмкіндігі ерекше жандармен кездесті.

Ерейментау ауданында кәсібін дөңгелетіп отырған мүмкіндігі ерекше жандар баршылық.

Солардың бірі , жас кәсіпкер – Ботпаев Сағындық. «Nur Otan» партиясы кәсіп ашуға ниет білдірген әрбір азаматқа қолдау көрсетуге дайын.

«Кедергісіз келешек» атты партиялық жоба аясында мүмкіндігі ерекше жандарды жұмыспен қамтамасыз ету – партияның басты мақсаты болып табылады. Ерейментау аудандық жұмыспен қамту орталығының ақпараты бойынша: жалпы 897 адам жұмыспен қамтамасыздандырылған, соның ішінде мүмкіндігі ерекше жанадардың саны-33, қоғамдық жұмысқа – 237 адам, жастар практикасы бойынша -27 адам орналастырылған. Шағын кәсіпкерлікке 93-микрокредит, 25-грант бөлінген.

Бүгінгі күні Ерейментау ауданы бойынша мүмкіндігі ерекше жандар үшін барлық жағдайлар жасалған. Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта жасалады. Паспортталған және бейімделген 133 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бар. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 76,9% – құрайды, балаларды инклюзивті білім берумен қамту-100% – ға ұлғайды.

«NurOtan» партиясы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 133 объектіні (көру, есту қабілеті бойынша мүгедектер, арбадағы мүгедектер, тірек-қимыл аппаратының мүгедектері) толық бейімдеуді қамтамасыз ету үшін сонымен қатар 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға өз бетінше, онлайн режимде өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көмекші, орнын толтырушы құралдар мен әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай электрондық порталына толық көшуіне ықпал ететін болады
Тұрақты түрде «Nur Otan»партиясының аудандық филалы тарапынан мүмкіндігі ерекше жандармен кездесулер өткізіліп, барынша қолдау көрсетіліп тұрады.

Кездесу барысында үміткерлер партия үшін дауыс беруге шақырды! «Nur Otan» партиясының басты бағдарламаларының бірі – мүмкіндігі еркеше жандарға қоғамның мүшесі екендігін, лайықты өмір сүруге құқылы екенін жеткізу болып табылады.

Ақмола облысы Ерейментау ауданының «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді»

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...