Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЕрейментауӘр адам лайықты өмір сүруге құқылы!

Әр адам лайықты өмір сүруге құқылы!

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясының аудандық мәслихат депутаттығына үміткер — Абжиков Медеу Ерболұлы және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер — Акимов Бекім Серікұлы сайлауалды науқан жұмыстарын жалғастыруда. Қос үміткер мүмкіндігі ерекше жандармен кездесті.

Ерейментау ауданында кәсібін дөңгелетіп отырған мүмкіндігі ерекше жандар баршылық.

Солардың бірі , жас кәсіпкер — Ботпаев Сағындық. «Nur Otan» партиясы кәсіп ашуға ниет білдірген әрбір азаматқа қолдау көрсетуге дайын.

«Кедергісіз келешек» атты партиялық жоба аясында мүмкіндігі ерекше жандарды жұмыспен қамтамасыз ету — партияның басты мақсаты болып табылады. Ерейментау аудандық жұмыспен қамту орталығының ақпараты бойынша: жалпы 897 адам жұмыспен қамтамасыздандырылған, соның ішінде мүмкіндігі ерекше жанадардың саны-33, қоғамдық жұмысқа — 237 адам, жастар практикасы бойынша -27 адам орналастырылған. Шағын кәсіпкерлікке 93-микрокредит, 25-грант бөлінген.

Бүгінгі күні Ерейментау ауданы бойынша мүмкіндігі ерекше жандар үшін барлық жағдайлар жасалған. Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта жасалады. Паспортталған және бейімделген 133 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бар. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 76,9% — құрайды, балаларды инклюзивті білім берумен қамту-100% — ға ұлғайды.

«NurOtan» партиясы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 133 объектіні (көру, есту қабілеті бойынша мүгедектер, арбадағы мүгедектер, тірек-қимыл аппаратының мүгедектері) толық бейімдеуді қамтамасыз ету үшін сонымен қатар 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға өз бетінше, онлайн режимде өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көмекші, орнын толтырушы құралдар мен әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай электрондық порталына толық көшуіне ықпал ететін болады
Тұрақты түрде «Nur Otan»партиясының аудандық филалы тарапынан мүмкіндігі ерекше жандармен кездесулер өткізіліп, барынша қолдау көрсетіліп тұрады.

Кездесу барысында үміткерлер партия үшін дауыс беруге шақырды! «Nur Otan» партиясының басты бағдарламаларының бірі — мүмкіндігі еркеше жандарға қоғамның мүшесі екендігін, лайықты өмір сүруге құқылы екенін жеткізу болып табылады.

Ақмола облысы Ерейментау ауданының «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді»

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...