Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
16 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерБіржан салЖеңіске бірге жетеміз!

Жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясы атынан Біржан сал аудандық мәслихаттың депутаттықа үміткерлер Ақышева Дина Амангелдіқызы және Живень Мария Всеволодовна Степняк қаласында «Есіктен есікке» акциясын өткізіп, қала тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында партияның жас өкілдері қала тұрғындарын сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қаламыздың инфрақұрылымын жетілдіру мен дамытуға қатысты тақырыптар мен мәселелерді талқылады.

«Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында анықтады: экономикалық тұрақты аймақ; тұру үшін жайлы аймақ; әлеуметтік-бағытталған аймақ; жастар үшін аймақ; бай тарихы мен мәдениеті бар аймақ; ашық және есеп беретін жергілікті органдар; қауіпсіз аймақ. Партияның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасалды.

«Nur Otan» партиясы халық игілігі үшін жұмыс істейді және шын мәнінде жалпыұлттық саяси ұйым болып табылады», – деді Мария Живень. Мария Всеволодовнаның жасы 27-де, қалалық № 1 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Дина Амангелдіқызы Ақышева да партияның жас өкілі. Ол аудандық газеттің «Еңбекшілдер жаршысы-Вести Енбекшильдерья» жауапты хатшысы болып жұмыс істейді. Дина Амангелдіқызының пікірі бойынша жастар ауданның саяси, экономикалық және қоғамдық өміріне белсене араласып, аудан мен халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға тікелей атсалысуы керек. «Жастар – ел болашағы.

Жаңа ұрпақ мемлекетіміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс (ауданда 2 796 жас). Ауданда жастардың табысты әлеуметтенуі, оның әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Жастар ресурстық орталығы, «Еңбекшілер жастары» ЖҚБ жұмыс істейді.

Жастармен жұмыс барысында әлеуметтік лифтілер құруға, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, білім беруді жұмысқа орналастыруға, өзін-өзі жүзеге асыруға баса назар аударылатын болады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9%-дан 3,5%-ға дейін төмендейді», – деді Дина Амангелдіқызы.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Біржан сал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...