Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерБіржан салЖеңіске бірге жетеміз!

Жеңіске бірге жетеміз!

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясы атынан Біржан сал аудандық мәслихаттың депутаттықа үміткерлер Ақышева Дина Амангелдіқызы және Живень Мария Всеволодовна Степняк қаласында «Есіктен есікке» акциясын өткізіп, қала тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында партияның жас өкілдері қала тұрғындарын сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қаламыздың инфрақұрылымын жетілдіру мен дамытуға қатысты тақырыптар мен мәселелерді талқылады.

«Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында анықтады: экономикалық тұрақты аймақ; тұру үшін жайлы аймақ; әлеуметтік-бағытталған аймақ; жастар үшін аймақ; бай тарихы мен мәдениеті бар аймақ; ашық және есеп беретін жергілікті органдар; қауіпсіз аймақ. Партияның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасалды.

«Nur Otan» партиясы халық игілігі үшін жұмыс істейді және шын мәнінде жалпыұлттық саяси ұйым болып табылады», — деді Мария Живень. Мария Всеволодовнаның жасы 27-де, қалалық № 1 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Дина Амангелдіқызы Ақышева да партияның жас өкілі. Ол аудандық газеттің «Еңбекшілдер жаршысы-Вести Енбекшильдерья» жауапты хатшысы болып жұмыс істейді. Дина Амангелдіқызының пікірі бойынша жастар ауданның саяси, экономикалық және қоғамдық өміріне белсене араласып, аудан мен халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға тікелей атсалысуы керек. «Жастар – ел болашағы.

Жаңа ұрпақ мемлекетіміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс (ауданда 2 796 жас). Ауданда жастардың табысты әлеуметтенуі, оның әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Жастар ресурстық орталығы, «Еңбекшілер жастары» ЖҚБ жұмыс істейді.

Жастармен жұмыс барысында әлеуметтік лифтілер құруға, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, білім беруді жұмысқа орналастыруға, өзін-өзі жүзеге асыруға баса назар аударылатын болады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9%-дан 3,5%-ға дейін төмендейді», — деді Дина Амангелдіқызы.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Біржан сал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...