Среда, 5 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚазақстанВице-министр Ерлан Әукенов мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен кездесу өткізді

Вице-министр Ерлан Әукенов мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен кездесу өткізді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бірқатар қоғамдық ұйымдардың бастамасымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің мүгедектігі бар балалардың аналарымен кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары Берік Әбдіғалиұлы мен Елнұр Бейсенбаев қатысты.

Мүгедектігі бар балалардың аналары бірқатар проблемалар мен ұсыныстарды айтты. Атап айтқанда, әйелдерді мүгедектігі бар бала күтімі бойынша жәрдемақымен бірге асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлеу мүмкіндігін қарау мәселесі алаңдатты.

Бұл мәселенің шешімі Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрініс тапты.

«Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Осы норманы енгізген кезде 2 мың бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қатар асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы ала алады. Қазіргі уақытта таңдау бойынша жәрдемақының бір түрі ғана беріледі», – деп атап өтті Ерлан Әукенов.

Сондай-ақ, мамандандырылған орталықтарда балаларды оңалту туралы мәселе қозғалды. Бүгінгі күні Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында 40 оңалту орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 2020 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен 12 жаңа орталық ашылды. Еңбекмині 2025 жылға дейін олардың санын 2 есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға түрлі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетінін атап өткен жөн. Атап айтқанда, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған азаматтарға ай сайынғы жәрдемақы, бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Оңалтудың техникалық құралдарының 55 түрін (67 түрлерін ескере отырып), жеке көмекшілердің қызметтерін, санаторлық-курорттық емдеу, қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру және инватакси қызметтерін алу мүмкіндігі бар. Мүгедектігі бар адамдарға (I, II топтағы) біржолғы ақшалай төлемдер, тіс протездеу қызметтері, қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек және т. б. ұсынылады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...

Акцию «100 дней до Победы» организовали в акмолинском ДУИС

В этом году отмечается 80-летие Победы в Великой Отечественной войне. В честь юбилея знаменательной даты в акмолинском ДУИС поддержали республиканскую акцию «100 дней до...

Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы

30 қаңтар – даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күн. Бұл Алтын жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшін өте қымбат. Соғыс басталған...

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...