Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерСтепногорскАқмола облысында ауылдық «Сервистік әкімдік» жұмыс істей бастады

Ақмола облысында ауылдық «Сервистік әкімдік» жұмыс істей бастады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Степногорск қаласының Ақсу кентінде «Сервистік әкімдік» ашылды. Іс-шара Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин мен қала әкімі Еркебұлан Баяхметовтың қатысуымен өтті.

Өңірдің әрбір тұрғынының қызмет алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар жұмысының «сервистік» моделі қалалар мен аудандарда ғана емес, облыстың ауылдық округтерінде де енгізілуде.

Ауылдық «Сервистік әкімдікте» азаматтардың мемлекеттік қызметтерді және түрлі мамандардың кеңестерін ыңғайлы алуы үшін барлық қажетті жағдайлар көзделген.

Е-gov порталында қолжетімді қызметтерді алу кезінде ауыл тұрғындарына өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды, ыңғайлы күту залы бар, ақпараттық стендтер орналастырылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да назардан тыс қалмайды, олар үшін де қолайлы жағдай жасалған.

Айта кетейік, халыққа қолжетімді болу мақсатында Ақсу кенті әкімінің кабинеті әкімдік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Жақын жерде азаматтарды жеке қабылдау үшін Open Space форматындағы кабинет орналасқан.

Жалпы облыс бойынша қалалар мен аудандарда, сондай-ақ Красный Яр ауылында 20 «Сервистік әкімдік» жұмыс істейді.

Сондай-ақ, өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшылығы қалалық әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға новеллаларды және ӘҚБтК-ге сыбайлас жемқорлыққа қарсы түзетулерді түсіндіру бойынша кеңес өткізді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Арман Бердалин «Қазақстанның жылыжай технологиялары» кәсіпорнында болды. Департамент осы ұйыммен «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды. Бұл жылыжай кешені көкөністер мен тұқымдар, гүлдер өсірумен айналысады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...