Среда, 5 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚазақстанКарантин кезінде балаларды сауықтыру лагерлері қалай жұмыс істейді

Карантин кезінде балаларды сауықтыру лагерлері қалай жұмыс істейді

Сондай-ақ, оқыңыз...

31 мамырдағы жағдай бойынша елімізде Алматы, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы 12 сауықтыру ұйымы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысымен балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметі әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлерімен айқындалған. «Жасыл» аймақтағы өлшемдерге сәйкес жазғы лагерьлер шектеусіз, «сары» аймақтағы лагерьлер — 50%, «қызыл» аймақтағы 30% жүктемемен жұмыс істейді.

Мұнымен қоса, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 26 мамырдағы қаулысына сәйкес балаларды сауықтыру лагерлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезіндегі қызмет алгоритмі бекітілді. Оған сәйкес, стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналына жұмыс басталғанға дейін 72 сағат бұрын жасалған ПТР зерттеудің теріс нәтижесі бар анықтама немесе коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алғанын растайтын құжат болған жағдайда ғана қызметіне кірісуге рұқсат беріледі.

Әрбір бала лагерьге келу кезінде денсаулық жағдайы туралы құжаттарды (сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған 079/у үлгісіндегі медициналық анықтама), инфекциялық ауруларға, оның ішінде коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастармен байланыстың жоқтығын растайтын анықтамаларды, лагерьге келгенге дейін 72 сағат бұрын жүргізілген ПТР зерттеудің теріс нәтижесі бар құжатты ұсынуы шарт.

Бұдан бөлек, сауықтыру ұйымдарының барлығы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес келуі қажет. Дәлірек айтқанда, балалар лагерьлері (жыл бойы жұмыс істейтін ұйымдарды қоспағанда) сауықтыру маусымы басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті.

Жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны нысанды пайдалану мерзімі басталғанға дейін бір рет алады.

31 мамырдағы жағдай бойынша елімізде Алматы, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы 12 сауықтыру ұйымы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...

Акцию «100 дней до Победы» организовали в акмолинском ДУИС

В этом году отмечается 80-летие Победы в Великой Отечественной войне. В честь юбилея знаменательной даты в акмолинском ДУИС поддержали республиканскую акцию «100 дней до...

Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы

30 қаңтар – даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күн. Бұл Алтын жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшін өте қымбат. Соғыс басталған...

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...