Среда, 5 февраля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерБурабайБурабай: Абылай хан алаңында мультимедиялық интерактивті кешен орнатылды

Бурабай: Абылай хан алаңында мультимедиялық интерактивті кешен орнатылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Бурабай Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметінше, Бурабайдағы Абылай хан алаңында елімізде теңдесі жоқ мультимедиялық интерактивті кешен іске қосылды. Осы кешен арқылы жаңа технологиялардың көмегімен 5D форматында қызықты саяхат жасау және еліміздің тарихына ену мүмкіндігі бар.

«Кешен бірнеше мультимедиялық залдар мен аттракциондардан тұрады. Солардың бірі — Қазақстандағы жалғыз мультимедиялық өмір ағашы өсетін «Мәңгілік Ел». Бұл шежіренің бір түрі. Авторлар мәдениетті және ұлы тарихымызды сақтап қалу үшін әрбір қазақ өзінің шығу тегін, өз руы мен жүзін білуі тиіс деп есептейді. «Өмір ағашы» әр қазақтың ру-тайпалық құрамы туралы барлық ақпаратты көрнекі түрде көрсетеді. Ол жарық шоуы арқылы көрсетіледі», — дейді серіктестің маркетинг жөніндегі менеджері Әсем Мұқымова.

Сондай-ақ, мультимедиялық кешенге келушілер «Самұрық құсының ұшуы» аттракционында «Самұрық құсының» соңынан ере отырып, виртуалды ұшу-саяхатты арқылы еліміздің ең экзотикалық жерлеріне барып, оның табиғатымен, Қазақстанның қазынасын құрайтын киелі объектілермен таныса алады.

Бүгінгі күні кешен «Ashyq» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, жұмыс күндері 10:00 – ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері-20:00-ге дейін.

Менеджердің айтуынша, сессиялар әр жарты сағат сайын өтеді. Бір сессияға 10-12 келушіге рұқсат етіледі. Ұйымдастырушылар жеңілдіктер де қарастырған. 6 жасқа дейінгі балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар мен студенттер, мүгедек балалар, ҰОС ардагерлері, 1,2,3 топтағы мүгедектер, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері кешенге тегін бара алады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...

Акцию «100 дней до Победы» организовали в акмолинском ДУИС

В этом году отмечается 80-летие Победы в Великой Отечественной войне. В честь юбилея знаменательной даты в акмолинском ДУИС поддержали республиканскую акцию «100 дней до...

Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы

30 қаңтар – даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күн. Бұл Алтын жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшін өте қымбат. Соғыс басталған...

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...