Жұма, Мамыр 3, 2024
3.1 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыЗейнетақы жинағын үлескерлік құрылысқа салу мүмкіндігі кеңейтілуі мүмкін

Зейнетақы жинағын үлескерлік құрылысқа салу мүмкіндігі кеңейтілуі мүмкін

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жасқарту үшін пайдалану тәртібінен әкімшілік кедергілер тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің берген мәліметі бойынша, қолданыстағы тәртіп біржолғы зейнетақы төлемдерін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің бірыңғай операторының кепілдігі бар компаниялардың ғана үлестік құрылысына салуға рұқсат етеді. Ал екінші деңгейдегі банк қаржыландыратын жобаға зейнетақы жарналарын пайдалану мүмкін емес.

«Тұрғын үй құрылысын «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңында көзделген ұсынылатын үш тәсілдің бірі бойынша жүргізуге болады: 1) бірыңғай оператордың кепілдігін алу; 2) Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу; 3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту», – деп түсіндіреді агенттік мамандары.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұл кедергіні жою үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне нақты ұсыныс беріп отыр.

«Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының бесінші және 14-тармағы арқылы екінші деңгейдегі банктерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, тұрғын үйдің үлестік құрылысы бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беретін түзету енгізу қажет», – делінген агенттіктің ақпаратында.

Бұл проблема 26 наурызда Қостанай облысында өткен талқылауда көтерілген екен. Қазір агенттік ұсынған түзетуді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пысықтап жатыр. Құзырлы органның талабы бойынша анықталған әкімшілік кедергі 2021 жылдың желтоқсанына дейін жойылуы керек.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...