Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыЗейнетақы жинағын үлескерлік құрылысқа салу мүмкіндігі кеңейтілуі мүмкін

Зейнетақы жинағын үлескерлік құрылысқа салу мүмкіндігі кеңейтілуі мүмкін

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жасқарту үшін пайдалану тәртібінен әкімшілік кедергілер тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің берген мәліметі бойынша, қолданыстағы тәртіп біржолғы зейнетақы төлемдерін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің бірыңғай операторының кепілдігі бар компаниялардың ғана үлестік құрылысына салуға рұқсат етеді. Ал екінші деңгейдегі банк қаржыландыратын жобаға зейнетақы жарналарын пайдалану мүмкін емес.

«Тұрғын үй құрылысын «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңында көзделген ұсынылатын үш тәсілдің бірі бойынша жүргізуге болады: 1) бірыңғай оператордың кепілдігін алу; 2) Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу; 3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту», — деп түсіндіреді агенттік мамандары.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұл кедергіні жою үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне нақты ұсыныс беріп отыр.

«Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының бесінші және 14-тармағы арқылы екінші деңгейдегі банктерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, тұрғын үйдің үлестік құрылысы бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беретін түзету енгізу қажет», — делінген агенттіктің ақпаратында.

Бұл проблема 26 наурызда Қостанай облысында өткен талқылауда көтерілген екен. Қазір агенттік ұсынған түзетуді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пысықтап жатыр. Құзырлы органның талабы бойынша анықталған әкімшілік кедергі 2021 жылдың желтоқсанына дейін жойылуы керек.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...