Суббота, 19 октября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК филиалының қабырғасында ашық...

Ақмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК филиалының қабырғасында ашық есік күні өтті

Жоғары техникалық колледж студенттері филиалға келіп, қызметімен танысты. Жолшылар студенттерді заманауи жабдықтармен, үрдістермен және технологиялармен таныстырды.

Жоғары техникалық колледж студенттері «автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алады. Сондықтан балалар кәсіпорынға ерекше қызығушылықпен барды. Филиалдың сынақ зертханасында жолшылар студенттерге жол-құрылыс материалдарын сынауға арналған заманауи жабдықтар мен аспаптарды көрсетті. Сонымен қатар, зертхана меңгерушісі Руслан Кульясов пен материалдар жөніндегі инженер Николай Макаренко болашақ жолшылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, жастарға филиал қызметінің мақсаттары мен міндеттері, өңірдің және тұтастай елдің автожол саласының жетістіктері туралы айтылды. Жол-құрылыс саласына кадр тарту мәселесі де ерекше қозғалды.

«Автожолдарды салу және жөндеу көлемі өсуде, бұл саладағы еңбек нарығы білікті мамандарға көбірек мұқтаж. Мемлекет тарапынан кадрлар даярлауда үлкен қолдау көрсетіледі. Жыл сайын жол саласының түрлі мамандықтары бойынша оқуға гранттар бөлінеді, студенттер стипендиялармен және жатақханалармен қамтамасыз етіледі», — деп атап өтті Руслан Құлясов.

Студенттер филиалдың жұмысына қызығушылық танытты, жұмысқа орналасу, жалақы, жол саласындағы жаңа технологиялар туралы сұрақтарын қойып, тұшымды ақпарат алды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Ақмола облысы Шоқан Уәлиханов университетінде жемқорлыққа қарсы мәселелер талқыланды

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа трендтері» тақырыбында дөңгелек үстел...

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді. Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға...

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...