Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған.
Ақмола облысында отандық инвесторлардың қатысуымен бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда.
Осындай жобалардың бірі жалпыұлттық пулына енгізілген «Mega Сыр Сұлуы» СОО құрылысы» болып табылады.
Өз жобасын іске асыру барысында инвестор СОО-ның жекелеген бөліктерін іске қосу кезінде мәселелерге тап болған.
Жобада әртүрлі құрылымдық элементтері бар заманауи көпфункционалды ойын кешендерін қамтитын балалар ойын алаңдарының аймағы қарастырылған.
Заңнаманың талаптарына сәйкес аттракциондар мен ойын алаңдарын қабылдау кезінде иесі 5 жұмыс күні ішінде аттракциондарды қабылдау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген мемлекеттік органдарға хабарлауға тиіс.
Алайда, оның құрылуы бойынша реттелген тәртіптің болмауы нәтижесінде инвестор өз жобасын іске қоса алмаған.
Фронт-офис жұмысы аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен кәсіпкерлік субъектісі әкімдіктен комиссияның құрылу тәртібі мен реттілігі бойынша түсініктеме алды, бұл рұқсат беру құжаттарын уақтылы ресімдеуге ықпал етті.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және қадағалау органының ерекше бақылауында.
Бизнесті тиісінше қорғау мақсатында прокуратурада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ және CALL-орталық жұмыс істейтінін еске саламыз.
Бизнес субъектілері (инвесторлар, кәсіпкерлер) мәселелі сұрақтар туындаған жағдайда бұзылған құқықтар мен мүдделерді қорғау және қалпына келтіру үшін прокуратура органдарына жүгіне алады (байланыс нөмірі +77051291140).
Ақмола облысының прокуратурасы.