Ағымдағы жылдың 15 қазанында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа трендтері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Асхат Оразхан өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін, жаңа көзқарастарға ие және өз өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Әділ және парасатты қоғамда тәрбиеленген жастар мемлекетке сенім артып, негізгі адами құндылықтарды жоғары бағалайтын болады.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жаңа үрдістер мен тәсілдері туралы Департаменттің бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова айтып кетті.
Университет ректоры Марат Сырлыбаев студенттер мен оқытушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік органдармен әріптестіктің маңыздылығын, сондай-ақ, университет академиялық адалдық және этикалық стандарттар деңгейі жоғары жас мамандарды тәрбиелеуге ерекше назар аударатынын атап өтті.
Академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәнін оқыту арқылы оқытушылар жүзеге асыратын тәрбие жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар, университетте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» магистратурасының білім беру бағдарламасы қарастырылған.
Университетпен жемісті ынтымақтастығы және студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін Асхат Оразханға Ш. Уәлиханова атындағы Көкшетау университетінің «құрметті профессоры» атағы берілді.