Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында АӨК саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу талқыланды

Ақмола облысында АӨК саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу талқыланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің және агроөнеркәсіптік кешендегі облыстық аумақтық инспекцияның, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің басшылығы онлайн-кездесуде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын талқылады.

Мемлекеттік қызметшілердің назарына пара алу және алаяқтық фактілері бойынша қалалық инспекцияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсыныс бойынша ақпарат жеткізілді.

Талдау көрсеткендей, құқық бұзушылықтың мән-жайлары басшылық тарапынан бағыныштыларға тиісті бақылаудың болмауы, инспекторлардың функционалдық міндеттерінің тиісінше орындалмауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мен өсімдіктер карантині саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын өрескел бұзуы болды.

Кездесу барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Арман Рахимов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті заңнамалық нормаларды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жеке жауапкершілікті күшейтуге, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін адамдарды көтермелеу жүйесіне қатысты өзгерістерді түсіндірді.

«Ақмола облысы мемлекеттің негізгі аграрлық-өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады, бұл, әрине, осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әсер етеді. Тек соңғы жылдары ғана АӨК саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының бірқатар фактілері анықталды. Осы тұрғыда, аумақтық инспекция бақылау функцияларын жүзеге асыратынын ескере отырып, мемлекеттік билік институттарының беделін арттыру үшін мемлекеттік қызметшілердің халық алдындағы жауапкершілік дәрежесін түсіну қажет. Инспекторлар қоғам тарапынан сын мен сенімсіздік білдіру үшін қандай да бір себеп бермеуі тиіс, сондықтан, қайталанатын жағдайлардың алдын алу үшін басшылық тиімді алдын алу шараларын қабылдауы қажет», — деп атап өтті Арман Рахимов.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...