Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында АӨК саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу талқыланды

Ақмола облысында АӨК саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу талқыланды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің және агроөнеркәсіптік кешендегі облыстық аумақтық инспекцияның, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің басшылығы онлайн-кездесуде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын талқылады.

Мемлекеттік қызметшілердің назарына пара алу және алаяқтық фактілері бойынша қалалық инспекцияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсыныс бойынша ақпарат жеткізілді.

Талдау көрсеткендей, құқық бұзушылықтың мән-жайлары басшылық тарапынан бағыныштыларға тиісті бақылаудың болмауы, инспекторлардың функционалдық міндеттерінің тиісінше орындалмауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мен өсімдіктер карантині саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын өрескел бұзуы болды.

Кездесу барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Арман Рахимов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті заңнамалық нормаларды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жеке жауапкершілікті күшейтуге, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін адамдарды көтермелеу жүйесіне қатысты өзгерістерді түсіндірді.

«Ақмола облысы мемлекеттің негізгі аграрлық-өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады, бұл, әрине, осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әсер етеді. Тек соңғы жылдары ғана АӨК саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының бірқатар фактілері анықталды. Осы тұрғыда, аумақтық инспекция бақылау функцияларын жүзеге асыратынын ескере отырып, мемлекеттік билік институттарының беделін арттыру үшін мемлекеттік қызметшілердің халық алдындағы жауапкершілік дәрежесін түсіну қажет. Инспекторлар қоғам тарапынан сын мен сенімсіздік білдіру үшін қандай да бір себеп бермеуі тиіс, сондықтан, қайталанатын жағдайлардың алдын алу үшін басшылық тиімді алдын алу шараларын қабылдауы қажет», – деп атап өтті Арман Рахимов.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...