Ақша қорабын ұрлау сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы биылғы жылғы маусымның 9-да сағат 17:40 шамасында филармония директорының орынбасарынан арыз түсті. Арыз иесінің сөзінше, 31 мамырда белгісіз адам филармониядағы қайырымдылық жәшігін ұрлап кеткен. Залал сомасы шамамен 50 мың теңгені құрады.
Осы дерек бойынша полицейлер ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Филармония қызметкерлері бастапқыда жәшікті директор алды деп ойлап, бірден полицияға хабарламаған. Кейін директордың өзі қорапты іздей бастады. Осылайша, олар ұрының құрбаны болғаны белгілі болды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтай алды. Ақша қорабын ұрлау сәті видеоға түскен. Ол Теміртау қаласының бұрын сотталған 29 жастағы тұрғыны болып шықты. 1 маусымда ер адам ұрлықтың үш дерегі бойынша Көкшетау қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.