Ағымдағы жылдың 27 маусымында түнде Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғыннан 27.06.23 ж., сағат 14.30-дан 22.45-ке дейін үйден белгісіз адамдар алтын бұйымдарды ұрлап әкеткені туралы өтініш келіп түсті. Залал сомасы 700 мың теңгені құрады.
Осы өтінішке қатысты полицейлер ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Оқиға орнына келген криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері, қаскүнемдер пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, алтын сағатты, сақина мен сырғаларды ұрлап кеткенін анықтады. Көршілермен сұхбаттасып, жақын маңдағы аумақты зерттегеннен кейін көп ұзамай күдіктінің жеке басы жедел түрде анықталды. Кейін бағдарлау облыс бойынша және Астана қаласына бағытталды. Нәтижесінде бірнеше сағаттан кейін полиция қызметкерлері қаскүнемді Астана қаласында ұстады.
Бұған дейін бірнеше рет сотталған 26 жастағы Астана қаласының тұрғыны кінәні мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.