Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында автожолдар құрылысы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.
Талдау шеңберінде жол саласына бюджет қаражатын жоспарлау және жұмсау мәселелері, жол құрылысының барлық кезеңдеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерделенетін болады.
Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамына кіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырылады.
Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдау үшін 8 (7162) 29-66-25 байланыс телефоны жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Департаментке Antikor ortalyǵy алаңы (Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 71/1) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.
Барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа және қатысуға шақырамыз!