Суббота, 21 сентября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында бүтін бір отбасы суға батып кетті

Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға батып кетті

Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жерде Астана су қоймасында төрт адамның өмірін қиған қайғылы оқиға орын алды.

Төртеуі де бір отбасының мүшелері. 1980 жылы туылған әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін көрген адамдар алып шыққан. Бүгін таңғы сағат 6-да Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1977 және 2000 жылдары туған екі адамның денесін судан алып шықты.

Отбасының өмірін қиған оқиға шомылуға тыйым салынған жерде орын алған. Ақмола облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Ерсайын Қойшыбаев. Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген «А» азаматын ұстады. 2024 жылдың қаңтар...

Ақмола облысының Степногорск қаласының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Степногорск қаласының тұрғындарына көшпелі консультативтік-құқықтық көмек ұйымдастырды. Аталған акцияны Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті...

Антикор Ақмола құрылысы ұзаққа созылған объекттерді бақылауды жалғастыруда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті құрылысы сыни тұрғыдан кешіктірілген әлеуметтік маңызы бар объектілерді сүйемелдеуге мониторинг жүргізілуде. Облыс әкімдігімен бірлесе отырып, құрылыс-монтаждау...

МҚІА Департаменті қызмет алушының құқықтарын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметін көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...