20 сәуірде Көкшетау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақмола облысы ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады, ол қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жәбірленушіні бірнеше рет тауарлық және ақшалай несиелер рәсімдеуге мәжбүр еткен.
Шығын — 1,5 млн теңге.
Бұл факт ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Істің өзге мән-жайлары анықталуда. Осы баптың санкциясы үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Дереккөз: Police.kz