Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен бірлесе отырып, өңірдің комплаенс-қызметтері үшін семинар өткізілді.
Семинар жұмысына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 70-ке жуық комплаенс-мамандары қатысты.
Комплаенс саласындағы сарапшылар мен уәкілетті органның өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің теориялық және практикалық аспектілерін, оның ұйым қызметіндегі рөлін таныстырды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімді жүйесін және ISO 37001 халықаралық стандартын енгізудің тиімділігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Өңірдің комплаенс-қызметтері өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, спикерлерге қызықтырған сұрақтарын қойды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста квазимемлекеттік сектордың 280 ұйымында комплаенс бойынша мамандар тағайындалды, олардың міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау және ұйымның іскерлік имиджін қорғау.