Понедельник, 23 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерЕсілАқмола облысында мектепті сапасыз жөндеген мердігерге айыппұл салынды

Ақмола облысында мектепті сапасыз жөндеген мердігерге айыппұл салынды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Есіл ауданының прокуратурасы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мектепті тексеру кезінде орындалған жұмыстардың актілеріне заңсыз қол қойылғанын және сол үшін бюджет қаражатынан жалпы сомасы 27 млн теңгеден астам ақы төленгенін анықтады.

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мердігер жасасқан келісім-шарттың талаптарын орындамаған, терезе орнату, мектеп шатырын жабу сияқты бірқатар жұмыстардың көлемі орындалмай қалған. Соның салдарынан мектептің күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмады.

«Прокурорлық ден қою шараларымен мердігер ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамағаны үшін 1 380 000 теңге көлемінде айыппұл салу және лицензиясынан айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен бірге, лауазымды тұлғалар да тәртіптік жауапқа тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде нысанда жөндеу жұмыстары қарқынын жоғалтқан жоқ», — деді ведомстводан.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...