Суббота, 18 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерСандықтауАқмола облысында соғыс ардагерлеріне мемориалдық ескерткіш тақта ашылды

Ақмола облысында соғыс ардагерлеріне мемориалдық ескерткіш тақта ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Жеңіс күні Балкашин ауылында ашылған мемориалдық ескерткіш қабырға тақтада соғысқа қатысушылардың аты-жөндері жазылған.

Нысанның ашылуына аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков, соғыс ардагері Николай Сахновтың қызы Татьяна Егорова, Сандықтау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы және құрметті азаматы Бақытжамал Сейітжанова, әскери қызметкерлер, қоғам өкілдері қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Жеңіс күні бүкіл ел үшін ең маңызды, толғандыратын және қастерлі мерекелердің бірі болып табылады. Бұл сол қатыгез соғыста қаза тапқандардың бәрін еске алу. Біздің ауданнан майданға 10 мыңнан астам адам шақырылды, 4155 адам майдан даласында қаза тапты, 5935 адам үйлеріне оралды. Өкінішке орай, ауданымыздағы соғыс ардагерлері қазір арамызда жоқ, олар біздің жадымызда және жүрегімізде мәңгі сақталған», — деп атап өтті құттықтау сөзінде аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков.

Шараға қатысушылар монументке гүл шоқтарын қойып, соғыс ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Айта кетейік, соғыс жылдары Ақмола облысынан майданға 90 мыңға жуық адам шақырылып, соғыстан 37 мыңнан астам адам ғана оралды. Бүгінде өңірде 20 соғыс ардагері мен 3000-нан астам тыл еңбеккері тұрады. Оның ішінде Сандықтау ауданының сегіз тұрғынына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл Василий Бенберин, Василий Бовт, Андрей Бусалов, Иван Воронин, Николай Колбасов, Иван Терехин, Сергей Юдин және Алексей Чернов.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...