Сенбі, Шілде 27, 2024
20.4 C
Kokshetau
26 C
Nur-Sultan
37 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерСандықтауАқмола облысында соғыс ардагерлеріне мемориалдық ескерткіш тақта ашылды

Ақмола облысында соғыс ардагерлеріне мемориалдық ескерткіш тақта ашылды

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Жеңіс күні Балкашин ауылында ашылған мемориалдық ескерткіш қабырға тақтада соғысқа қатысушылардың аты-жөндері жазылған.

Нысанның ашылуына аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков, соғыс ардагері Николай Сахновтың қызы Татьяна Егорова, Сандықтау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы және құрметті азаматы Бақытжамал Сейітжанова, әскери қызметкерлер, қоғам өкілдері қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Жеңіс күні бүкіл ел үшін ең маңызды, толғандыратын және қастерлі мерекелердің бірі болып табылады. Бұл сол қатыгез соғыста қаза тапқандардың бәрін еске алу. Біздің ауданнан майданға 10 мыңнан астам адам шақырылды, 4155 адам майдан даласында қаза тапты, 5935 адам үйлеріне оралды. Өкінішке орай, ауданымыздағы соғыс ардагерлері қазір арамызда жоқ, олар біздің жадымызда және жүрегімізде мәңгі сақталған», – деп атап өтті құттықтау сөзінде аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков.

Шараға қатысушылар монументке гүл шоқтарын қойып, соғыс ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Айта кетейік, соғыс жылдары Ақмола облысынан майданға 90 мыңға жуық адам шақырылып, соғыстан 37 мыңнан астам адам ғана оралды. Бүгінде өңірде 20 соғыс ардагері мен 3000-нан астам тыл еңбеккері тұрады. Оның ішінде Сандықтау ауданының сегіз тұрғынына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл Василий Бенберин, Василий Бовт, Андрей Бусалов, Иван Воронин, Николай Колбасов, Иван Терехин, Сергей Юдин және Алексей Чернов.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...