Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының үйлестіруімен 6 тамыз күні Ақмола облысында ЖОО жастар ұйымдары мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшылары үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық жазғы мектеп ашылды.
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі факторы ретінде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ілгерілету.
Үш күн ішінде мектеп тыңдаушылары үшін сертификатталған жаттықтырушылар мен сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен ұлттық заңнамаға, білім беру саласындағы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде қоғамдық бақылау қағидаттарына шолу жасайды.
Жазғы мектеп аясында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту бойынша өз ұсыныстарын енгізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды ұсынады.