Ауа райының қолайсыздығынан автожолдардың жабылуына байланысты Ақмола облысының бірнеше ауданында трассадан 210 адам, оның ішінде 25 бала эвакуацияланды. Бір апта ішінде Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 20 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
Мысалы, Атбасар ауданында – 58 адам, Жарқайың ауданында – 47 адам, оның ішінде 8 бала, Жақсы ауданында – 73 адам, оның ішінде 12 бала, Есіл ауданында – 20 адам, оның ішінде 5 бала және Сандықтау ауданында 12 адам құтқарылды. Барлық эвакуацияланғандар арасында жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, қар құрсауында қалып қойған автомобильдерден 8 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала. Құтқарылғандар тұрғылықты жеріне жеткізілді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.