Понедельник, 30 декабря, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысының кәсіпкерлері Антикордың қорғауында

Ақмола облысының кәсіпкерлері Антикордың қорғауында

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың жұмыс сапары аясында «Атамекен» ӨКП алаңында Ақмола өңірінің бизнес-қоғамдастығымен кездесу өтті.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы барысында Агенттіктің 1-ші қызметінің басшысы ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды басымдықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы жанашылдықтарды түсіндірді.

Спикер хабардар еткендей, кәсіпкерлікті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында. Бұл жұмыс кешенді түрде жүргізіліп отырады, атап айтқанда, кәсіпкерлердің парасаттылығына жәрдемдесу бойынша шаралар қабылданаып, бизнес қызметіне заңсыз араласудан қорғау тетіктері енгізіледі. Әр өңірдің ерекшеліктеріне байланысты кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Саян Ахметжанов кәсіпкерлер өз қызметін бастау барысында көбінесе қандай мәселеге тап болатынын айтты. Бұл көбінесе жер, сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ коммуникацияларға қосылу сияқты салалардағы әкімшілік кедергілер. Кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлық көріністерімен мемлекеттік қолдау шараларын алу кезде де жиі кездеседі. Бұған нақты мысал, ауыл шаруашылығында субсидия алу.

«Бүгінгі таңда қабылданып жатқан шаралар бизнестің сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге қарсы иммунитетін арттыруға алып келуі тиіс. Өз кезегінде әрбір кәсіпкер өз бизнесін адал жүргізіп, оның ашықтығын қамтамасыз етуі қажет», — деп атап өтті спикер.

Отырысқа қатысушылардың күн тәртібінде талқылауға Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастырудың өзекті мәселесі кірді. Бұл мәселемен кәсіпкерлер кездесу барысында Антикордың Превенция қызметінің басшысы мен облыс әкімінің орынбасарына тікелей жүгінді.

Өңірдің Кәсіпкерлер палатасының басшылығы көше саудасын орналастыру орындарын бекіту мәселесін реттеу бойынша өз ұсыныстарын айтты. Мамандардың пікірінше, жаңа тәсілдер — ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің бөлшек саудасын жүзеге асыру үшін орын алу рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сол арқылы отандық кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді. Кездесуге қатысушылар мәселені жан-жақты зерттеп, талқылап, оң шешімге келді. Антикор мәселені іске асыруды өз бақылауына алды.

Айта кетейік, Агенттік ағымдағы жылы кәсіпкерлерге түрлі әкімшілік кедергілерді еңсеруге көмек көрсетуге және мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Бизнеске жол» жобасын іске асыруда. Жоба аясында еліміздің әр өңірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, «Атамекен» және жұртшылық өкілдері кіретін жұмыс топтары құрылды. Бизнеспен диалог алаңдары ұйымдастырылды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жергілікті жолдардың және көше-жол желісінің сапасы талқыланды

«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Акмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Қайратхан мен автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Владимир Кулаков жергілікті...

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...