Сенбі, Сәуір 27, 2024
8.5 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысының кәсіпкерлері Антикордың қорғауында

Ақмола облысының кәсіпкерлері Антикордың қорғауында

Көкшетауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың жұмыс сапары аясында «Атамекен» ӨКП алаңында Ақмола өңірінің бизнес-қоғамдастығымен кездесу өтті.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы барысында Агенттіктің 1-ші қызметінің басшысы ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды басымдықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы жанашылдықтарды түсіндірді.

Спикер хабардар еткендей, кәсіпкерлікті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында. Бұл жұмыс кешенді түрде жүргізіліп отырады, атап айтқанда, кәсіпкерлердің парасаттылығына жәрдемдесу бойынша шаралар қабылданаып, бизнес қызметіне заңсыз араласудан қорғау тетіктері енгізіледі. Әр өңірдің ерекшеліктеріне байланысты кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Саян Ахметжанов кәсіпкерлер өз қызметін бастау барысында көбінесе қандай мәселеге тап болатынын айтты. Бұл көбінесе жер, сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ коммуникацияларға қосылу сияқты салалардағы әкімшілік кедергілер. Кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлық көріністерімен мемлекеттік қолдау шараларын алу кезде де жиі кездеседі. Бұған нақты мысал, ауыл шаруашылығында субсидия алу.

«Бүгінгі таңда қабылданып жатқан шаралар бизнестің сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге қарсы иммунитетін арттыруға алып келуі тиіс. Өз кезегінде әрбір кәсіпкер өз бизнесін адал жүргізіп, оның ашықтығын қамтамасыз етуі қажет», – деп атап өтті спикер.

Отырысқа қатысушылардың күн тәртібінде талқылауға Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастырудың өзекті мәселесі кірді. Бұл мәселемен кәсіпкерлер кездесу барысында Антикордың Превенция қызметінің басшысы мен облыс әкімінің орынбасарына тікелей жүгінді.

Өңірдің Кәсіпкерлер палатасының басшылығы көше саудасын орналастыру орындарын бекіту мәселесін реттеу бойынша өз ұсыныстарын айтты. Мамандардың пікірінше, жаңа тәсілдер – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің бөлшек саудасын жүзеге асыру үшін орын алу рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сол арқылы отандық кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді. Кездесуге қатысушылар мәселені жан-жақты зерттеп, талқылап, оң шешімге келді. Антикор мәселені іске асыруды өз бақылауына алды.

Айта кетейік, Агенттік ағымдағы жылы кәсіпкерлерге түрлі әкімшілік кедергілерді еңсеруге көмек көрсетуге және мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Бизнеске жол» жобасын іске асыруда. Жоба аясында еліміздің әр өңірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, «Атамекен» және жұртшылық өкілдері кіретін жұмыс топтары құрылды. Бизнеспен диалог алаңдары ұйымдастырылды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...